Португалияда цирк нөмірлеріне жабайы жануарларды қолдануға тыйым салынды
Португалия парламенті цирк нөмірлеріне жабайы жануарларды қолдануға тыйым салатын заңға дауыс берді
Қабылданған заң цирк басшыларын 2024 жылға дейін цирк нөмірлерінен жабайы жануарларды алып тастауға міндеттейді.
Оған дейін барлық цирк жануарлары арнайы мемлекеттік тізілімге енгізілуі қажет. Кейін олар Протугалиядағы немесе өзге елдердегі жабайы табиғатқа ұқсайтын арнайы баспаналарға көшіріледі.
Заң жобасының авторлары цирк алаңында жабайы жануарларды пайдалану адамгершілікке жатпайды деп мәлімдеді.
Ал цирк иелері босатылған жануарлар үшін өтемақы алады.