Ресейде ғаламтордағы бұғаттауларды тиімсіз деп тануға дайын
Ресейдің Цифрлық дамыту, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігі басшысының орынбасары Алексей Волин ғаламтордағы контенттерді бұғаттау тиімсіз деп мәлімдеді
Ресей ғаламтордағы бұғаттауларды тиімсіз деп тануға дайын. Ресейдің Цифрлық дамыту, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігі басшысының орынбасары Алексей Волин ғаламтордағы контенттерді бұғаттау тиімсіз деп мәлімдеді.
Ғаламтордағы контенттердің бұғатталуынан айналып өтуге мүмкіндік беретін технологиялар есебінен аталған шара тиімділігін жоғалтады, деп хабарлайды Жаңалықтар РАА сайты.
- Біздің ойымызша, бұғаттау уақыт өте келе өзінің тиімсіздігін көрсетуде, - деді Волин.