Қытайда әлемдегі ең ұзын теңіз көпірі салынды
Қытайда әлемдегі ең ұзын 55 шақырымдық көпірдің құрылысы аяқталды
Көпірдің ашылу салтанаты Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзинь Пиннің қатысуымен өтті, деп хабарлайды Новости РАА сайты.
Көпір Гонконг, Макао және Гуандун провинциясының Чжухай қаласын байланыстыратын болады. Көпірдің арқасында Гонконгтан Чжухайға дейінгі сапар уақыты үш сағаттан бастап жарты сағатқа дейін қысқартылып, күн сайын 120 мыңнан астам жолаушы тасымалданады деп күтілуде.
Көпір бірнеше бөліктен, су асты туннелінен, бірнеше жасанды аралдардан және шекаралық бақылау пунктерінен тұрады. Оның салмағы 400 мың тоннадан асады және көпір 120 жылға қызмет ете алады. Сағатына 300 километр жылдамдықпен және 8 баллдық жер сілкінісі бар тайфундарға қарсы тұра алатын қауқары бар.