Ресейде енді қайнатылған тұз сатылмайды
Келесі жылдан бастап Ресейде ГОСТ-тағы өзгерістерге байланысты қайнатылған тұз сатылмайтын болады
Жаңа ГОСТ-ке сай, өндірушілер тұзға қатысты «қайнатылған» деген терминнен бас тартуға тура келеді. Енді оның орнына ас тұзы сатылатын болады – бұл стандарт 1 қыркүйектен бастап күшіне енді.
Бұған себеп – заманауи дүкендерде сатылып жүрген тұз бұрынғыдай қайнату жолымен дайындалмайды.
Жаңа өзгерістер тек қаптама дизайнындағы өзгерістерге соқтырады. Ал мамандар бұл бағаға еш әсер етпейді деп сенеді.