Сауд Арабиясында әлеуметтік желідегі посттар үшін қылмыстық жауапқа тартады
Әлеуметтік желілерде діни келемеждерді жариялағандар бес жылға бас бостандығынан айырылып, 3 млн риал көлемінде айыппұл салынады
Сауд Арабиясының прокуратурасы елде діни келемеждерді әлеуметтік желілерге жариялағандарды қылмыстық жауапқа тарту туралы заң енгізілетіндігін хабарлады.
Сонымен қатар, лайықсыз контенттерді жасап, тарату да киберқылмыс ретінде бағаланады. Ел билігі діни әжуалар қоғамдық тәртіпті бұзып, діни құндылықтарды қорлайды деп біледі.