Жаңа Зеландия ауылдарының бірінде мысықтарға тыйым салынбақ
Жаңа Зеландияның оңтүстік жағалауындағы Омауи ауылының билігі тұрғындарға мысық асырауға тыйым салатын бұйрық шығарды
Ал бар үй жануарларына чип тағып немесе міндетті түрде тіркеулері қажет. Бірақ үй жануары өліп қалса, жаңасын асырап алуға болмайды, деп хабарлайды Новости РАА сайты.
- Үй жануарыңыз әдеттегіде Омауиде сізбен бірге тұра алады. Алайда ол өліп қалған жағдайда жаңасын алмастыра алмайсыз, - деп түсіндіреді облыстың биоқорғаушылары.
Ауыл билігі жоғалып бара жатқан құстар мен сүтқоректілер үшін алаңдаулы. Өйткені оларды мысықтар аулайтын көрінеді. Оған үй жануарларын қараусыз далаға шығаратын үй иелері кінәлі.
Ауыл тұрғындарының көбі бұл бұйрыққа қарсы шықты.