Facebook күмәнді парақшалардың көзін жойды
Компания Инстаграмм желісіндегі бірқатар парақшалар мен топтарды жойып жіберді, өйткені мұнда Иран мен Ресейдің агитациялық топтары жұмыс жасауы мүмкін деген күмән туған
Компания басшыларының ойынша, мұндай әлеуметтік парақшалар мен топтар жалған ақпарат таратып, халықты арандатуы мүмкін, деп хабарлайды Новости РАА.
- Мұндай топтардың болғанына қарсымыз. Өйткені азаматтар Facebook желісін сенімді ақпарат алу ортасына айналдыруы керек. АҚШ үкіметі Ресей барлау қызметінің мамандары ашқан парақшалар болуы мүмкін деп күдік келтірген желілер өшірілді, - деп түсіндірді компания.