Жер шарында алдағы бес жыл бойы қатты ыстық болмақ
Климатолог мамандар құрғақ, жылы қыстың орнауына жақын қалғанын айтуда
Францияның Брест университетінің ғалымы Флориан Севелле мен Нидерландының Метереологиялық институтының ғалымы Сибрен Дрижфхоут математикалық есептеулерге сүйеніп, жер шары климатының өзгеру моделін жасап шықты. Климат моделінде орташа температура мен климаттық өзгерістердің жағдайы туралы мәліметтер көрсетіледі әрі шұғыл жағдайлар туралы да болжамдар жасап отырады.
Ғалымдардың айтуынша, 2018 жылы-ақ ауа температурасы күрт көтеріліп кетуі мүмкін. Ал 2019-20 жылдары ауа температурасының ыстық болына ықтималдылық бұдан да жоғары.
Яғни, ауа температурасы 0,1°С көтерілуі мүмкін. Мұның өзі ауаның құрғап, аптап ыстық орнатуға жеткілікті.
2022 жылы ауа температурасы қайта қалпына түсуі мүмкін, бірақ мұхит суы бәрібір ыстық болмақ.