Илон Масктың командасы АҚШ ғарышкерлерін ғарыш айлағына жеткізеді
АҚШ билігі ғарышкерлерін Халықаралық ғарыш айлағына өздері жеткізуді ойлап отыр
Келесі жылдан бастап Америка ғарышкерлері ғарыш айлағына қарай аттана бастамақ. Ал оларды жеткізумен Илон Масктің SpaceХ компаниясы айналыспақ.
Бұған дейін америкалық ғарышкерлер Ресейдің ғарыш кемелерімен айлаққа барып жүрген еді. Енді АҚШ билігі Байқоңырдың жеткізу қызметінен бас тартқалы отыр.
Қазіргі таңда Америкада SpaceХ компаниясының екі зымыран кемесі тестілеуден өтіп жатыр. Оның біріне төрт адам отырса, екіншісіне бес адам отыра алады.