Қытайда гипердыбысты ұшақ сыналды
Қытай Аэроғарыштық ғылым және технология корпорациясымен жүргізілген гипердыбыстық "Синкун-2" ұшағының сынағы сәтті өтті
Гипердыбысты аппарат 3 тамызда сынақ алаңында сыналды, деп хабарлады Новости РАА.
Ауадағы 10 минут ішінде құрылғы 30 шақырым биіктікте бірнеше маневр жасады. Қондыру да сәтті өтті. Қытайлық гипердыбыстық аппараттың құрылысы үш жылға созылды.
Ол кез келген зымырандық қорғаныс жүйесінен өтіп, жоғары жылдамдықпен және болжанбайтын траекториясына байланысты ядролық оқтұмсықты жеткізе алады.