Қытай өзіне арнап Google желісін құрастыруда
Жаңа іздеу сервисінде тек Қытайдың ғана сайттары мен әлеуметтік желілерін табуға болады
Alphabet корпорациясы тек Қытайда ғана қолданылатын Google іздеу желісінің арнайы түрін жасауға кірісті.
Америкалық компания цензурамен жасалған іздеу жүйесін тоғыз айдың ішінде құрастырып бітеді. Қытай нарығына ғана арналған сервис өзге елдің сайттарын көрсетпейді, оған сілтеме жасамайды.
Сонымен қатар, жаңа Google желісінде Қытай үкіметіне қарсы келетін деректер, мәліметтер болмайды әрі "Фейсбук", "Твиттер", YouTube сынды әлеуметтік желілерге де кіре алмайсың.