Нидерландыда мұхиттағы қоқыстарды жинайтын робот құрастырылды
Енді мұхит бетінде қалқып жүрген пластиктер мен целлофандарды жаңа технологиямен жинауға болады
The Ocean Cleanup ғылыми жобасы аясында алып робот құрастырылып, мұхиттың үстіне жіберіледі. Ал "ауызы" үлкен, "мешкей қарын" робот су бетіндегі қалдықтарды жұтып алады. Роботтың аты "Пакман". Оны Нидерланды ғалымдары жасап шығарды.
Роботтың "ауызы" 600 метрге дейін созылып жатыр. Толқын мен желдің жылдамдығына байланысты формасын өзгертіп отырады.