Ресейде ұлттық бас киім саудасы жүруде
Дәстүрлі әйелдер бас киімі Ресейде өтіп жатқан Әлем кубогының жанкүйерлері арасында әйгілі болды
Футболдан әлем чемпионаты-2018өтіп жатқан Ресейдің 11 қаласында ұлттық бас киім саудасы 5 есеге өскен. Бұл деректермен "Фискальді деректерді операторлар платформасының" сарапшылары бөлісті.
Айта кететін жайт, сатылған тауардың көлемі ғана емес, сонымен қатар орташа бағасы да арта түсті. Бір ай ішінде бас киімқұны үш есе дерлік - 330-дан 910 рубльге дейін өскен. Ресей-Испания матчында ұлттық бас киімдегі үш жанкүйердің суреттері таратылғаннан кейін ұлттық бас киім танымалдылығы артты.