Ниссан компаниясы ауаға таралатын зиянды зат жайлы деректерді қолдан жасаған
Nissan Motor автоконцернінің басы дауға қалды
Автокөлік жасаушылар машинаның түтігінен шығып, ауаға тарайтын газдың құрамы мен көлемі жайлы деректерді қолдан жасағанын мойындап, көпшіліктің алдында мәлімдеме жасады.
Атап айтқанда, Жапонияның бес зауытында дайындалған 1,2 мың автокөліктің қозғалтқышы сапасыз жасалған.
Ал тексеріс жүргізген Жапонияның көлік министрлігі екен.