АҚШ-та әйел адам Бостандық ескерткішіне шығып наразылығын білдірген
Нью-Йорк полициясы Трамптың саясатына қарсы шығып, Бостандық ескерткішіне шығып алған әйелді тұтқындады
Ереуілге шыққан әйел "Жоғары шығып, қарсылық білдіріңдер" деген жазуы бар жейде киіп алған. Ескерткіштің үстіне шыққан әйел американдық әкімдіктің қазіргі саясатының салдарынан ыдырап қалған көшіп келгендердің отбасылары біріктірілмейінше, жерге түспейтінін айтқан.
Биікте төрт сағат тұрған азаматша полицияның көмегімен түсіп, бөлімшеге жіберілді.
Әзірге, оның аты-жөні белгісіз.