Канадада марихуана заңдастырылды
Канада парламенті рекреациялық мақсатта пайдаланып, саудалауға рұқсат ететін марихуананы заңдастыру бойынша заң жобасын қабылдады
Заң екі айдан кейін күшіне енеді. Жаңа заңға сәйкес, кез келген кәмелетке толған канадалық азамат 30 грамға дейін марихуана сатып алып, 4 түпке дейін сора өсіруге құқылы. Бірақ заң бойынша марихуананы алкоголь мен табак сататын орындарда саудалауға рұқсат жоқ.
Канадада марихунаға тыйым 1923 жылы салынып, 2001 жылдан бастап медициналық мақсатта пайдалануға рұқсат етілген.
Следующая →
Канадада марихунаға тыйым 1923 жылы салынып, 2001 жылдан бастап медициналық мақсатта пайдалануға рұқсат етілген.