Ресей қағаз оқулықтардан бас тартпақ
2020 жылға қарай Ресейде мектеп кітапханаларының орнына дербес қолжетімді цифрлық құрылғылар енгізілуі мүмкін
Электронды кітап жүйесіне көшу тек оқушылардың емес, оқытушыларға да тиімді. Қағаз оқулықтардан бас тарту "Сандық мектеп" жобасы аясында жүзеге аспақ.
Алғашқы кезеңде жалпы білім беру бағдарламасының 11 пәні сандық құрылғыларға ауыстырылатын болады. Ол пәндердің арасында орыс тілі, әдебиет, биология, алгебра мен геометрия пәндері болады деп жоспарланған.