YouTube пайдаланушылар денсаулығына көңіл бөле бастады
YouTube-та арнайы оятқыш түріндегі жаңа функция пайда болады. Функция смартфонды қолдан алып, демалуға уақыт қажеттігін көрсетеді
YouTube қосымшасының жаңа функциясы пайдаланушыға видеолар көру барысында үзіліс қажеттілігін еске салып отырады, деп хабарлайды life.ru.
Аталған функция iOS және Android-та YouTube-тің соңғы нұсқаларында қолжетімді.
Ол пайдаланушыға дабыл кезеңділігін өзіне таңдауға мүмкіндік береді. Ең төменгі аралық - 5 минут. Оятқыш дабылы қосылған сәтте ойнатылып жатқан видео автоматты түрде үзіліске тоқтайды.
Бұл функция пайдаланушының смартфондарға тәуелділігін еңсеруге көмектеседі.