Аустралияда брокколи қосылған кофе ойлап тапты
Брокколидің ұнтағы қосылатын кофенің жаңа түрін аустралиялық ғалымдар әзірлеген
Ғалымдарды ерекше сусынды әзірлеуге маңызды қажеттілік мәжбүр еткен, деп хабарлайды РИА Новости сайты.
Зерттеу деректері бойынша, Аустралия тұрғындарының 51%-дан астамы аскөк, жеміс-жидек және көкөністерді жеткіліксіз көлемде тұтынады. Бұл мәселені ғалымдар кофеге арнайы әзірленген брокколи ұнтағын қосу арқылы өзіндік тәсілмен шешкен. Сарапшылардың пікірінше, бұл тәсіл аустралиялықтардың денсаулығын жақсартуға септігін тигізері анық. Адамдар оның көмегімен қажетті пайдалы заттар ала алады.
- Брокколи екі ас қасық ұнтағы көкөністің бір порциясына баламалы, - дейді Ғылыми және қолданбалы зерттеулердің мемлекеттік бірлестігінің ғалымы Мэриэнн Августин.