Туристер алаяққа алданып қалуы мүмкін
Eset Nod32 антивирус компаниясы қонақ үйлерге тапсырыс беретін Airbnb қосымшасын қолдану кезінде абай болуға шақырады
Алаяқтар бағдарлама арқылы азаматтың жеке мағлұматтарын қолды қылады, деп хабарлайды РИА Новости.
Яғни, алаяқтар қолданушыға конфиденциальдылық саясат жайлы хабарлама жіберіп, сервисті қолдану үшін әрі жаңа шарттармен танысу үшін белгісіз бір сілтемеге өтуге ұсыныс жебереді. Ал сілтеме жалған парақшаға лақтырады. Бұл парақша жеке мағлұматтарды да, банк есепшоты жайлы да ақпараттар беруін өтінеді.
Антивирус компаниясы мұндай күмәнді хабарламаларға көп мән бермеуді сұрайды.