Пикассо автопортреті аукционнан алынды
Christie's үйінің аукционына қойылған атақты суретшінің автопортреті реставрацияға жіберілді
Korrespondent.net хабарлауынша, Christie's үйінің ұйымдастыруымен Нью-Йоркте өтіп жатқан аукцион бір топтамасынан айырылды.
Пабло Пикассоның "Моряк" автопортреті аукционнан алынып, реставрацияға жіберілді. Сурет 11 мамыр күні зақымданған. Алайда, оқиғаның нақты мән-жайы туралы хабарланбады.
Оқиға орын аларға дейін топтаманың бастапқы құны 70 миллион долларды құраған. Белгілі болғандай, суретті оның иесі американдық миллиардер Стив Уинн аукционнан алған.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Автопортрет Пикассо Пабло Пикассо Реставрация Аукционные дома мира