Рим папасы Lamborghini көлігін сатты
Ал автокөлікті сатқан түскен қаржы қайырымдылық қорына аударылады
Христиан шіркеуі басшысының қолы қойылған көлік нарықтағы бағасынан төрт есе қымбатқа – 715 мың еуроға сатылды. Бұл қаржы қайырымдылық қорына аударылады. Мәселен, Ирактағы христиан босқындарды үйіне қайтару үшін жұмсалмақ.
Алтын сызықпен өрнектелген бұл автокөлікті Рим папасына күзде итальялық автоөнеркәсіп иелері тарту еткен еді. Сол кезде-ақ шіркеу қызметкері бұл көлікті аукционда сататындығын хабарлаған.