Porsche дизельді қозғалтқыштар шығармайтын болды
Бүгінгі таңда мұндай қозғалтқышты автокөліктерге деген сұраныс төмендеп кеткен. Әрі атмосфераға бөлінетін зиянды қалдықтарға қойылатын талаптар да күшейген
Немістің Porsche автоөндірушісі соңғы Macan S Diesel және Panamera 4S Diesel дизельді модельдерді шығаруды тоқтатты.
Компанияда жанармайдың баламалы түрімен қозғалатын көліктерге көңіл бөлініп отыр. Porsche компаниясы барлық модельдердің электрленуіне бюджетті екі есе арттырған.