"Астана Опера" сахнасында 10 жастағы бала өнер көрсетеді
"Астана Опера" театрының үлкен залында тенор партиясында ең жас әртіс – «Астана Опера» балалар студиясының солисі Қажымұрат Еркін алғаш рет сахна төріне шығады
"Астана Опера" театрының сайты хабарлағандай, он жасар балалар студиясының тәрбиеленушісі толыққанды жеке нөмірмен солист ретінде қойылымға қатысып, дебют жасайды – міне, Қажымұрат Еркін дарындылығының бірегейлігі осында.
Жас әртіс бұрын Дж.Пуччинидің «Тоска» операсында Бақташы бала рөлін, «Богема» операсында солоны орындаған, бірнеше рет аға буын әріптестерімен бірге түрлі концерттік бағдарламаларға тең қатарлы қатысқан. Маэстро Абзал Мұхитдиновтің пікірінше, Карл Орфтың осындай бірегей бала-әртісі болған жағдайда, ол бұл партияны оған арнап жазар еді. Қазірдің өзінде Қажымұрат Еркін жоғары кәсібилілігін, әртістігін, айрықша музыкалық қабілеттері мен зор әлеуетін көрсетуде.