ҚХР азаматшасы 81 жасында жоғары білім алды
Ол төрт жыл бойы өзінің сүйікті істерінен бас тартып, барлық бос уақытын оқуға жұмсаған
Қытайлық Сюэ Миньсю 2014 жылы 77 жасында жоғары білім алуға бел буады, деп хабарлайды Tengrinews шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Ол "Электронды коммерция" курсын таңдап, қашықтықтан білім беретін жоғары оқу орнын тауып алады.
Бір қызығы, Сэю басқа білім алушылардан жас ерекшелігімен, ынта-жігерімен ерекшеленді. Ол күнделікті таңғы сағат 5.00-де тұрып, бірден дайындыққа кіріскен. Бірақ емтиханды жеті рет тапсырған. Нәтижесінде Сюэ Миньсю көптен күткен дипломын қолына алды. Бүгінде ол жеті тілді (қытай, орыс, ағылшын, француз және латын) жетік меңгерген. Сондай-ақ, ол Photoshop және Microsoft Excel сынды пайдалы бағдарламаларды да толығымен біледі.