Өскемен
пасмурно
+7°
  • Өскемен
    +7°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +11°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +6°
  • Шымкент
    +20°
$
518.21
+3.27
590.09
+6.35
¥
70.87
+0.31
6.3
+0.17
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

Бразильяның есірткі сатушылары екпе алу үшін медбикелерді алып қашқан

Бандиттер Рио-де-Жанейроның әлеуметтік деңгейі төмен ауданындағы тұрғындарына екпе салғызып, медбикелерді босатқан

Рио-де-Жанейроның ұйымдасқан қылмыстық тобы медбикелерді бірнеше сағат бойы қамауда ұстаған. Correio Braziliense хабарлағандай, бандиттер осылайша өздеріне және көршілеріне сары безгектен екпе салғызған.

Куәгерлердің айтуынша, алғашқы жәрдем бекетінің жанына келген қарулы қылмыскерлер қыздарды күштеп көлікке отырғызып, белгісіз бағытта алып кеткен. Қыздармен бірге бірнеше қорап ине мен вакцинаны да алып кеткен.

Қылмыскерлер медбикелерді Салгейру ауданына алып келіп, тұрғындардың барлығына екпе салуға бұйрық берген. Медициналық үрдістерден соң қыздар босатылып, оқиға барысында ешкім зардап шеккен жоқ.

Кейбір деректер бойынша, дәрігерлерді алып қашқан бандиттер Салгейру есіркі контрабандасын бақылаушылар. Ал күштеп екпе жасауға бастаманы көтеруші 24 жастағы есірткі саудагері Томас Виейр Гомес болған. Қылмыскер туралы ақпаратқа құқыққорғаушылар 10 мың реал (3,1 мың доллар) төлеуге дайын.

Айта кету керек, қаңтар айының соңында Бразилия Денсаулық сақтау министрлігі 2017-18 жылдар аралығында сары безгектен 81 адамның қаза тапқанын хабарлаған. Ауруға шалдыққандардың жалпы саны 2013 адамды құраған.

 
Следующая →