Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Бразилия президенті құжаттарын рәсімдемей, зейнетақысыз қалды
Мемллекеттік орган қызметкерлері қажетті құжаттарды алмаған соң, оны өлілердің қатарына қосқан
Бразиляның бұрынғы президенті Мишел Темер 1999 жылы зейнетке шыққан, деп хабарлайды РИА Жаңалықтар сайты. Жыл сайын құзырлы органдарға қажетті құжаттарды тапсырып отыруы қажет болатын. Алайда 2017 жылдың қыркүйегінле қандай да бір себептермен құжаттарын өткізбеген.
Нәтижесінде зейнетақы компаниясының қызметкерлері оны өлді деп, зейнетақы алушылардың тізімінен шығарып тастаған. Оның зейнетақысы айына 22 мың реал шамасында (2,5 млн теңге). Енді 77 жастағы Мишель Темер өзінің тірі екенін дәлелдеу үшін қажетті құжаттарды жинауы керек.