Приморье тұрғыны люкке тілі жабысып қалған итті құтқарды
Ит аязды күні тамақ іздеп жүріп, люктің бетін тілімен жалаған болуы керек
Иттің қанша уақыт бойы люкке «арқандаулы» тұрғаны белгісіз. Алайда оны көрген жергілікті тұрғындар бұған бей-жай қарамай люкке «жабысып» тұрған итті құтқармақ болады. Бөтелкеге ыстық су құйып әкеліп, люктің үстіне құя бастаған.
Ал бейнежазбадан қақпаннан босаған иттің құтқарушыға қалай құйрығын бұлаңдатып алғыс білдіргенін көруге болады.
Следующая →