Ресейде 10 мың жол полиция қызметкері жұмыстан босады
Қаулыға РФ Президенті В.Путиннің өзі қол қойған. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді
Мемлекеттің барлық облыстарында жол полиция қызметкерлері қысқаруға ұшырайды, деп хабарлайды Газета. ру сайты. ГИБДД қызметкерлерінің ішінде көлікті тіркеумен, жүргізуші куәлігін алуға емтихан қабылдайтын полицейлер жұмыстан босаған жоқ.
Ресейдегі жол инспекциясы қызметкерлерінің әрбір бесінші жұмысшысы қызметтен босауда. Егер 2017 жылы мемлекетте 55 мың адам жол полициясында қызмет етсе, олардың саны 10 мыңға қысқарып отыр.