Nissan өз көліктеріне адам ойын оқуды үйретеді
Автоконцерн көлік құралын басқаруға көмектесетін «саналы автокөлік» жаңа технологиясын ұсынады
Көп үміт арқалаған B2V технологиясы келесі аптада CES 2018 көрмесінде ұсынылады, деп хабарлайды Techradar.
Бұл технология адам миынан келетін сигналдарды көлікті басқаруға жұмсаумен ерекшеленеді. Мысалы, егер жүргізуші бір тосқауылға бола тез тоқтаса, автопилот оның ойына әсер етіп, бірден тежегішті басады. Оймен тежеу әлдеқайда жылдам. Себебі, ми импульстарының дене мүшелеріне жетуі уақыт талап етеді. Nissan инженерлерінің айтуынша, B2V жол оқиғаларына 0,2–0,5 секундқы жылдам әсер етеді. Бұл уақыт та жүргізуші мен жолаушының тағдырын шешуге бар.
B2V жұмысы мидың электроэнцефалографиясына (ЭЭГ ) негізделген – жүргізуші компьютер мен құрылғыларға үздіксіз қосулы болады. Nissan-ның айтуынша, болашақта жүргізушілер ЭЭГ бас киімдерін кимейтін болады. Тек орындыққа орнатылған арнайы сенсорлардың көмегімен миға байланыс орнатылатын болады.
Следующая →