Түркіменстанда қара түсті көлік жүргізуге тыйым салынды
Мемлекет басшысының ойынша, ақ түс бақыт әкеледі, сондықтан қара түсті көліктерді ақ түске бояу қажет
Ашхабад қаласындағы жол полицейлері қара түсті көліктерді ұстап, айыппұл салуды қазірдің өзінде бастап кеткен, деп хабарлайды "Хроника Туркменистана" сайты. Ал кейбір көліктерді айыппұл тұрағына алып кеткен.
Ал 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап Түркіменстанда қара түсті көліктерді жүргізуге тыйым салынды. Сондықтан елде көлікті бояу қызметіне деген сұраныс артып кеткен. Ал бұл бағаның қымбаттауына әкелуде. Егер осыдан бірнеше ай бұрын бір көлікті бояу үшін 500 доллар қажет болса, қазір оның құны екі есеге өсіп кеткен.
2015 жылдың бірінші қаңтарынан бастап Түркіменстанға қара түсті көліктерді кеденнен кіргізуге тыйым салынған болатын. Ал мұны үкімет «ақ түс бақыт әкеледі» деп түсіндірген.