Жапонияда бағасы 10 мың доллар болатын мысықтың үйшігі жасалды
Үйшік табиғи текстиль мен ағаштан жасалған әрі мамандардың дизайнерлік үлгісімен сәнделген
Үйшіктің бағасына Токиода бір жыл пәтер жалдап тұруға болады, дейді Росбалт сайты. «Ғимараттың» сырты цилиндр пішіндес, ал іші бірнеше бөлмеден тұрады. Мысықтың тырнағы «қышыған кезде» тырнайтын арқанмен оралған бағандар орнатылған.
Жануардың «жатағын» 10 мың долларға немесе 3,3 млн теңгеге сатып алуға болады.