АҚШ-та Аяз аталар шеруі өтті
Екі жүз Аяз ата мен Ақшақар, өзге де орыс ертегісінің кейіпкерлері Американың бірнеше қаласында шеруге шығып, тұрғындарды Жаңа жылмен құттықтады
Бұл жайында «Американың орыс жастары» қоғамдастығының президенті Игорь Кочан жазып отыр. Әсіресе, Нью-Йорктегі шеруге қатысушылардың саны көп болған. Шеру Манхэттен ауданынан бастап орталық алаң Таймс-скверге дейін жалғасты. Ал 30 желтоқсан күні Орландо (Флорида штаты), Сан-Франциско (Калифорния), Оклахома-Сити (Оклахома), Чикаго (Иллинойс) қалаларында шеру өтті.
Шеру орыс мәдениетін таныту мақсатында өткен. Америкада Аяз аталардың шеруі бірінші рет ұйымдастырылып отыр.
Ал 2018 жылы шеруге қатысатын адамдардың саны бұдан да көп болуы мүмкін. Өйткені Олбани (штат Нью-Йорк), Филадельфии (Пенсильвания), Детройта (Мичиган) қалаларында тұратын орыс қауымдары да атсалысқалы отыр.