Жаңа жылда көп сыйланатын сыйлық қандай?
RFI агенттігі жүргізген зерттеуде Жаңа жылда, көбінесе, шоколадтың көп сыйланатындығы анықталған
Шоколад – балаларға ғана емес, ересектерге де сыйлауға болатын әмбебап дүние. Жасөспірімдер арасында видеоойындар көп сыйлыққа беріледі.
Азия елдерінде жаңа жыл кезінде балаларға жаңа банкнот беру әдетке айналған. Греция, Румыния, Колумбияда апельсин, Жапония мен Қытайда балғын жеміс-жидек пен көкөніс көп сыйланса, Азияның кейбір елдерінде тәтті тағамдар ұсыну дәстүрге айналған. Бұл құт пен байлақты білдіреді.