Қырғызстанда алғашқы ортаазиялық балалар фильмі түсірілді
Фильмнің аты «Жетиск» деп аталады. Ол 2018 жылдың 18 қаңтарынан бастап прокатқа шықпақ
Фильмнің режиссері – Суйун Откеев, ал режиссері – Курманбек Жолдошев.
Фантастикалық фильмде отызға жуық бала мен жасөспірімнің жоғалып кеткендігі әрі оны құтқаруға құрылған арнайы топ жайында баяндалады. Балаларды ұрлап кеткен қылмыскерлерді елдің қарулы күштері таба алмай, кейін ерекше қабілеті бар балалардың басын қосып, «Жетикс» атты отряд құрады.
Хакер Қарлығаш, желаяқ Шумкар, телекинез «600» есімді бала жоғалып кеткендерді құтқаруға аттанады. Ал олардың қолында балалардың өмірі ғана емес, бүкіл әлемнің тағдыры тұр...