Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

Қытайдағы қандасымыз Қазақстанға трактормен көшіп келген

Қытайда тұрған этникалық қазақ Адал Хамитхан өз Отанына оралу үшін бір апта бойы трактормен жүріп келген

Қоныс аударушылардың үйіне Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов барып шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты.

- Мен әрдайым балаларым өз Отанымда тұрса екен деп армандайтын едім, - дейді Адал Хамитхан. – Алғаш рет Павлодар облысына сәуір айында келген едім. Жергілікті билік өкілдерімен сөйлестім. Сосын жазда отбасымды алып келдім. Мұнда жер жақсы. Қытайда да Ертістің жағасында тұрған едік. Мал шаруашылығы үшін өте қолайлы. Сондықтан осы жерді таңдадық.

Биыл жазда Адал Хамитхан екі ұлы мен әйелін Павлодар облысына автобуспен жіберген. Ал, өзі жолдастарымен бірге трактормен келген.

Қытайдағы барлық мүлкін сатқан ол Успен ауданының Ольгино ауылында екі миллион теңгеге үй сатып алған және жеті миллион теңгеге шаруашылығын ашқан. Қазіргі таңда қоныс аударушылар квота алу мақсатында құжаттарын рәсімдеуде. Бұл қаржы Қытай мен Павлодар облысының арасындағы жол шығынына ғана жетеді. Енді Адал Хамитханнан үлгі алған туыстары да біздің облысқа көшіп келуге бел байлап отыр.

Следующая →