Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
2018 жылдан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ғаламтор ойынына құмартушыларды психологиялық аурулар тізіміне қосатын болды
Бұл – дүниежүзілік ұйымның «қорына қосылған» он бірінші психологиялық ауру түрі. Егер адам интернет ойындарынан өзге ештеңеге қызықпай, оны өмірдегі барлық қызық атаулыдан жоғары қоятын болса, онда ол психологиялық ауруға шалдыққан болып саналады.
Мұндай психологиялық күй адамға күйзеліс әкеледі. Ал күйзелістің денсаулыққа әкелер зияны мен зардабы көп.
Алдағы уақытта дүниежүзілік ұйым бұл ауруға қатысты құжат дайындап, онымен күресудің жолдарын ұсынатын болады.