Энрике Иглесиастың егіз баласы дүниеге келді
Теннис ойыншысы, Энрикенің жары Анна Курникова дүниеге егіз бала әкелді
Егіздің бірі ұл болса, екіншісі – қыз, деп хабарлайды Лентару. Ұлға Николас деп ат қойса, қызға Люси есімін берген.
Анна мен Энрике 2001 жылдан бері неке құрса да, құрсақ көтермеген. Тек он алты жылдан кейін ғана перзент сүйіп отыр.
Ал Ресейдің үздік теннисисі болған Анна Курникова 2003 жылы спорттағы мансабын аяқтаған. Оған алған жарақаты себеп болған.