Робби Уильямс өзбек шапанын киіп, елді таңқалдырды
Ташкент қаласының Форум сарайында өнер көрсеткен британ әншісі сахнаға өзбек шапанын киіп шыққан
Ал Өзбекстанға Робби Уильямсты шақырған Ресейдегі өзбек олигархы Әлішер Османов, деп хабарлайды zakon.kz.
Британ әншісінің концерті 15 желтоқсан күні өткен. Әнші өзбекстандықтарды жаңа жылмен құттықтауға келген. Алайда бұл концертке тек Өзбекстанның қалталы азаматтары ғана барған. Өйткені билет қымбат, бағасы 180-240 АҚШ доллары арасында. Өзбекстанның қарапайым тұрғындарының өзі бір айда мұндай соманы жинай алмайды.