Америкадағы жыл сөзі анықталды
АҚШ-тың "Merriam-Webster" атты лексикалық сөздігі 2017 жылы «феминизм» деген сөзді ең көп қолданылған сөз деп мәлімдеді
Феминизм сөзі АҚШ-тың президент постына Д.Трамп сайланып, алғашқы инаугурациясын өткізген кезде көбірек ізделген. Өйткені бұл уақытта жаңа басшыға қарсы «Әйел маршы» атты қарсылық акциясы өткен болатын.
Осы жылы әйелдер #MeToo қолданып, интернет желісінде өздерінің бастарынан өткерген зорлық-зомбылықтары жайлы айтып, оқиғасын баяндай бастаған. Әрі рейтингісі жоғары «Таңғажайып әйел», «Қызметшінің әңгімесі» атты фильмдер де «феминиз» сөзінің көп ізделуіне әсер еткен.
Ал Жапония «солтүстік», «Солтүстік Корея» сөзін білдіретін иерогрифтің көп ізделгенін айтса, Ресейде «реновация» сөзі көп ізделген екен.