Стокгольмдегі науқасқа Ресейден жедел жәрдем келді
Швеция қаласына жедел жәрдем Санкт-Петербургтен барған
Стокгольмның орталық көшелерінің бірінде тротуар бойында тұрған адам эпилепциясы ұстап, жерге құлаған. Ал көшеде өтіп бара жатқан жедел жәрдем көлігі тоқтай қалып, естен танып құлаған адам медициналық көмек көрсеткен. Жедел жәрдем сөзі көліктің сыртында орысша жазылған, нөмірі де Ресейдікі.
Ал Санкт-Петербургтегі жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері ресейлік көліктің Стокгольмге ауырып қалған Ресей елінің азаматын алып қайтуға барғанын айтты.