Ішімдікті көп қолданатын Еуропа елдері анықталды
Балтика жағалауы мемлекеттері ішімдікті көп қолданады екен. Ал Еуропадағы ең «ішкіш» мемлекет Эстония болып шыққан
2016 жылы Еуропа еддері ішімдік сатып алуға 130 млрд еуро жұмсаған екен. Ал бұл ЕуроОдақтың жалпы ішкі өнімінің 1 пайызын құрайды.
Ал Эстония тұрғындары табысының 6 пайызын ішімдікке құртса, Латвия 5 пайызын, Литва 4 пайызын жұмсайды екен. Ал төртінші орында Чехия мен Польша жайғасқан. Олар 3,6 пайызын жұмсайды.
Ал Испания Еуропадағы ең «сау» мемлекет болып шыққан. Испан халқы ішімдікке өз табысының тек 1 пайызын ғана жұмсайтын көрінеді.