Ғарышкерлер салмақсыз ортада пицца дайындау үрдісін бейнеге түсірді
Итальяндық ғарышкер Паоло Несполи пиццаны сағынғанын айтып шағымданған соң, Халықаралық ғарыш станциясына қажетті азық-түліктер жеткізілді
NASA конференцияларының бірінде итальяндық Паоло Несполи жақсы көретін тамағын сағынғанын айтқан соң, компания басшылығы орбитаға пепперони, қызанақ, зәйтүн және соус жіберді.
Қуанышында шек болмаған ғашыркерлер арнайы құрылғылардың көмегімен салмақсыз ортада бірнеше пицца дайындады.
NASA хабарлағандай, итальяндық тағам кино түніне арнайы дайындалған.
Следующая →