Nike ұсынған хиджаб 2017 жылғы үздік өнертабыстар тізіміне енді
Nike компаниясы спортсүйер мұсылман қыздар үшін Pro Hijab спорттық хиджабын сатылымға шығарды
Хиджаб екі размерде, үш түсте шығарылды: қара, сұр және обсидиялық түсте. Бас киім ауа өткізгіш созылғыш материалдан жасалған. Ал өнімнің жарнамасына боксшы Зеина Нассар, мәнерлеп сырғанаушы Амна аль-Хаддад түскен.
Time журналы бұл хиджабты 2017 жылдың үздік өнертабыстары тізіміне енгізген.
Следующая →