Жаңа Samsung смартфондардың қуаты 12 минут ішінде толады
Жаңа технологиялардың көмегімен смартфондар 12 минут ішінде толық қуатталады
Оңтүстіккореялық Samsung компаниясының өкілдері өз инженерлерінің арнайы графен элементінде жұмыс істейтін жаңа аккумуляторларды ойлап тапқанын мәлімдеді. Жаңа технологияларды енгізу арқылы барлығы 12 минут ішінде қуатталатын батареяларды жасап шығаруға болады.
Сол сияқты графенді шарлар аккумулятордың қызметін әлдеқайда соза түседі.
Кейбір мамандар қуат көзінің +5, +60 температурасында да қалыпты жұмыс істейтінін айтады.