Үндістан денсаулық сақтау министрі: Қатерлі ісік күнәнің дерті
Министр Химанта Бисва Сарманың айтуынша, қатерлі ісік пен өзге де ауыр дерттер құдайдың әділетті жазасы болып табылады
Үндістандық Ассам штатының денсаулық сақтау министрі Химанта Бисва Сарманың пікірінше, ауыр дерттер мен қатерлі ісік адамның күнәсіне деген жаза болып табылады. Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлады.
- Бұл құдайдың әділетті жазасы ғана, - дейді министр.
Оның пайымдауынша, қатерлі ауруға шалдыққандардың барлығы өткен өмірінде жасаған, ата-аналары жасаған күнәға деген жаза болып табылады.
- Бұл туралы Бхагавадгид пен Інжілде жазылған, - дейді министр.
Саясаткердің сөзі онкоауруға шалдыққандардың наразылығын тудырды. Бұл қарсылыққа оппозиция да қосылып, халық алдында кешірім сұрауды талап етті.
Следующая →