Өскемен
облачно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +7°
  • Астана
    -13°
  • Ақтөбе
    -6°
  • Актау
    +5°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -14°
  • Петропавловск
    -16°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +9°
$
511.22
-1.78
540.05
-1.11
¥
70.61
-0.14
4.73
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

Tesla компаниясы алыс жолға қатынайтын жүргізушілерді жұмыссыз қалдыруы мүмкін

Tesla компаниясы өздігімен алыс жолға шыға алатын фураны таныстырды

Илон Маскпен құрылған Tesla компаниясы автопилотпен жабдықталған электронды жүк көлігін жамағатқа таныстырды, деп хабарлайды lenta.ru сайты. Ол әр дөңгелекке бір-бірден жабдықталатын төрт электр қозғалтқыштарымен қамтылған. Қуатты аккумуляторлар жүк көлігін зарядтаусыз 800 шақырымды жүріп өтуге мүмкіндік береді. Мұнымен қоса жаңа фуралар тамаша дизайнымен ерекшеленеді. - Қарапайым жүк көліктері қамбаға ұқсаса, Tesla көлігі оққа ұқсатылып құрылған, - дейді Илон Маск. Автокөліктің макисмалды жылдамдығы – 60 км/сағ. Бұл жылдамдықты ол не бары 5 секунд ішінде игереді. Жүк көлігінің тұрақты өндірісі 2020 жылдан басталады деп жоспарлануда. Жаңа техниканың құны айтарлықтай жоғары – бір аккумулятордың өзі 100 мың долларға жетеді. Алайда ойлап табушылар бұл ұсыныстың сұранысқа ие болатынына сеніммен қарайды. Себебі қарапайым дизельді фураларды қолдану барысында 1 мильдік жолға 1,51 доллар талап етіледі. Электр жүк көлігінің 1 миліне 1,26 доллар кетеді. Оның құны жанармай мен жүргізушінің шығынына орай арзандайды. Сондықтан 2020 жылға қарай американдық жүргізушілердің біраз бөлігі жұмыссыз қалуы ықтимал.
Следующая →