Заңдардан қателік анықтаған Үндістан азаматы өз мемлекетін қалады
Заңдардан қателік анықтаған Үндістан азаматы бейтарап жерлерде өз корольдігін құрды
Бир-Тавиль деп аталатын жер Египет пен Суданның қарсылығына байланысты ешбір мемлекетке тиесілі болмай, бейтарап күйінде жатқан. Мұндай жағдайды Суяш Диксит есімді үндіс өз ықтиярына пайдаланып кетті. Бірнеше жүз шақырым жерді асып Бир-Тавиль жерінде өз мемлекетінің туын көтерген үндіс, құмды-тастақ жерге тұқым отырғызды.
Осылайша ол Диксит Корольдігі деп аталатын жаңа мемлекеттің негізін қалады. Енді жаңа король Суяш Диксит өз иелігіне қонақтар мен туристерді шақыруда. Егер туристер бұл жерлерде бір тәуліктен артық болмаса, суретке түсірмесе және өздерімен құнды дүниелер әкелмесе Судан мен Египет әскері Дикситке еш қарсылық білдірмейді.
Бір сағат ішінде 2 мың шаршы километр жерді иемденген Суяш Диксит Біріккен ұлттар ұйымына арыз беруді көздеп отыр.
Следующая →