Италияда 15 өрт сөндіруші өртты қасақана ұйымдастырып келген
Италияда тергеушілер өздері өрт тұтатып, артынан өздерін сөндіруге барып жүрген 15 өрт сөндіруші қызметкерді анықтаған. Олар бұның барлығын сыйақы алу үшін істеген
2015 жылы болған оқиғаларды тергеу жұмыстары 42 жасар Давиде Ди Витенің тобына қосылғысы келетін ерікті өрт сөндірушілер саны артқан уақытта басталған. Өйткені Давиде Ди Витенің кезекшілігі кезінде өртке қатысты көп шақыртулар түсетін болған. Нәтижесінде мамандар өрт сөндіруге әдеттегіден жиі шығатын болған. Ал әр шұғыл шақырту үшін 10 евро сыйақы берілетін.
Бұл іске қатысы барлардың барлығы - Рагуздың тумалары. Полицияның мәліметтеріне сүйенсек, Д.Ди Вита өрт қою үшін адамдарды арнайы жіберіп тұрған. Сосын өзі төтенше жағдайлар қызметіне хабарласып, көмек шақыртатын. Артынша өз қызметкерлерімен өздері өртеген жерге келіп, өздері сол өртті сөндіретін.
2015 жылы қызметтен кеткен Д.Де Вита қазір тұтқындалды. Ал қалған 14 қызметтесі сотты күтіп, әзірге бостандықта.
Следующая →