АҚШ-та ұрлықшы шешініп тастап, көшеде ақша шашқан
Американың Флорида штатында ер адам банкті тонамақ болған, содан кейін татымды түрде ұрланған ақшаны көшеде шашып тастаған
Хабарланғандай, ұры банкке кіріп кассирге тапаншаның орнына сұқ саусағын кезеген. Нәтижесінде, оған 4,7 мың долларды сөмкеге салып берген. Алайда, оның ішінде тосын сый болған. Сөмкенің ішіндегі капсула жарылып, ұры бояумен боялған.
Кейін ұры шешініп ұрланған ақшаны шашып көше жаққа жүгіріп кеткен. ФТБ қызметкерлері ұстағаннан кейін Спирбер өзінің күлдіргі әртіс болғысы келетінін айтқан. Және осылайша ол өз мансабын бастау туралы шешім қабылдаған екен. Алайда, қазіргі уақытта банкті тонау бойынша кінә артылмақ. Егер де Спирбер кінәлі деп танылса, онда ол 10 жылға бас бостандығынан айырылады.
Следующая →